Жобалар — ВымпелКом

Клиенттің барлық жобалары


КаР-Тел компаниясына арналған тапсырыстарды басқару жүйесін жасау

Біздің компаниямызбен өндірілген және орнатылған ТБЖ жүйесі «Кар-Тел» ЖШС-не FTTB абоненттеріне қызмет көрсету жылдамдығы мен сапасын арттыруға көмектесті.

Мақсаттар Тапсырмалар Нәтижесі

ТБЖ (Тапсырыстарды Басқару Жүйесі)-н орнату бірнеше кезеңдерден тұрды. Бірінші кезеңде біз «Үйдегі Ғаламтор» қызметі бойынша ғаламторға тұрақтты қол жеткізу FTTB қызметін қосу бойынша тапсырыстарды басқару жүйесін жасадық. Біз компания бизнес-үрдістерінің сараптамасын жасадық, потенциалды абоненттерден түсетін қосылу тапсырыстарын ағымдағы жеке кабинет жүйесімен интеграцияладық. Біз қайта тапсырыс берушілер өтініштерін өңдеуді ескермеу үшін мәліметтерді жаңа жүйеге көшіруді қарастырдық. Жарты жыл ішінде біз жүйені жүзеге асырып қана қоймай оны өндірістік іске қостық. Бұл компанияның ішкі бөлімшелері және сыртқы мердігерлері арасындағы байланысты жылдамдатты.

Жобаның екінші кезеңінде клиенттердің қызметтік тапсырыс берулер мен ғалами мәселелерді басқару модульдерін жасау тапсырысын жасадық. Үш ай ішінде біз толығымен қызметтік тапсырыстарды басқару модулін жүзеге асырдық және де 2013 жылдың 2 шілдесінде өндірістік іске қостық. Жобаның үшінші кезеңінде біз наразылықтарды басқару модулін жасаумен қатар жүйеге толық қолдау көрсетуді бастадық.

Компанияның «Үйдегі Ғаламтор» қызметін шығару шешімі нәтижесінде қызметті қосуға тапсырыс беруді қабылдау, абонеттерді басқару және сервистік қызмет көрсету құрылғысы қажеттілігі туды. Бастапқыда копания өз күшімен минималды мүмкіндіктері бар жүйені жасады, бірақ абонеттер қорының өсуі мен бизнес талаптарының өсуіне байланысты тұтынушылар тапсырыстары мен қоңырауларын басқару бойынша толық жүйе жасау қажеттілігі өсті. Компания FTTB қызметтерін көрсету үшін басқа мердігер компаниялармен байланысатындықтан олармен байланысу үрдісі толықфункционалды тапсырыстарды басқару жүйесін қажет етті, оны жасау біздің компаниямен серіктес болуға әсер еткен негізгі фактор болып табылады.

Пікірлер

Ресей Жинақбанкі

Виктор Орловский, басқарма мүшесі, «Ресей Жинақбанкі» ААҚ-ң үлкен вице-президенті

Маған AT Consulting-пен жұмыс істеу ең алдымен бұл компанияның мамандарының талап етілген нәтижеге жету жолында ешқандай қиындықтарға мойымай, жаңа шешімдер таба білуі және соның салдарынан кәсіби өрлей білуі ұнайды.

Пікірлер

Ростелеком

Александр Провоторов, «Ростелеком» ААҚ президенті

Біздің АТ-жобаларымызды жүзеге асыру үшін біз сенімді кәсіби беделі бар және қажетті біліктілікке ие   серіктестерді таңдаймыз. AT Consulting компаниясы біздің талаптарымызға толық сәйкес келеді және оның мамандары тапсырылған мәселелерді